Әжімде де астар бар

0 41

Беттегі әжім арқылы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін байқауға, айыруға, тануға болатындығы дәлелденген. Біз сіздерге соның кейбір құпияларын айтпақпыз. Ауыз бен көз шетіне орналасқан әжім сызықтары көңілді адамның мінез құлқын көрсетеді. (Бұл — көңілділік)

Езудің екі жағы тарамдалып орналасқан әжімдер, өмірде қорған іздейтін қорқақ адамдарға тән. (Қорқақтық)

Өмірде ұсақ-түйекке көп мән беретін адамдардың көзінің айналасына әжімдер үйір-ақ, оны не болмаса қаз табан әжімдер деп те атайды. 

Екі қастың үстіне көлденең түскен әжімдер мінезінде адалдық пен тұрақтылығы басым адамдарға тән. Екі көздің арасында терең орналасқан әжімдер зиялы адамдарға тән. Алды-артын байыптағыш, мейірімді, кеңпейілді адамдардың маңдайына ұзын-ұзын көлденең орналасқан әжімдер толады. Ал алдына қойған мақсатын тындыра алмайтын, өсекке жақын жақын адамдардың маңдайындағы әжімдер көлденеңнен түскен қысқа және ұсақ болады.

Қатты күйзелістен туатын әжімдер тез жоғалып кетуі де мүмкін, бірақ уақыт өткен сайын айқын көрінетін болады. Бұл әжімдер мұрынның төменгі жағы мен езудің шетін жайлап жатады. Егер әжімдер аузынан төмен қарай, яғни иектен орналасса, ол — адамның денсаулығының бұзылғандығының белгісі, ия болмаса бұл — өмірден түңілген адамдарға тән. 

Бүкіл бетке және екі қастың үстіне қиғаш орналасқан әжімдер мазасыз адамдарға тән.

Бетінде үшбұрыш кейпіндегі әжім намысшыл, кінәшіл, ашуланшақ адамдарға тән.  Жүзінде әжімі жоқ, бетінің бұлшық еті бос, екі езуінің тұсында қоссызығы бар адамдар еріншек, айналасына немқұрайлы қарайтын жандар болып келеді. 

«Жылыңды білесің бе?» кітабынан 

Leave A Reply

Your email address will not be published.