Әнші Артур алғаш рет әке атанды

0 36

Артур Дәулетияров әке атанды. Raim-Artur дуэті арқылы танылған әнші сүйінші жаңалығымен бөлісті.

Артур Дәулетияров сүйінші жаңалығын парақшасында жария етті.

«23 ақпанға жасалған ең үздік сыйлық. Сүйіктім, қызымыз үшін рахмет», –  деп жазды әнші.

Әнші жарына алғыс айтып, мұның ең үздік сый екенін атап өтті.

Көпшілік құттықтауын асырды.

“Машаллах, бауы берік болсын!!!”, “Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай. Бауы берік болсын ханшайымыңыздың, айналайын! Бақытты ғұмыр кешсін! Өзіңді де, келіншегіңді де құттықтаймын! Қазақ еліне + батыр қыз!”, “Құтты болсын, бауы Берік болсын!”, “Бауы берік болсын, үлкен азаматша болсын”, “Артынан інілері ерсін”, “Өнерде барсыз ба? Көрінбейсіз”, – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Артур мен Райымбек Қазақстанның шағын қаласында туып-өскен. Екеуі де қарапайым отбасынан шыққан. Олар  2018 жылға дейін бір-бірін танымайтын. Раим Артурдан үш жас кіші. Соңғы жылдары екі әнші өнерде екі жаққа кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.