Жәния Джуринскаяның отбасы қара жамылды

0 128

Жәния Джуринскаяның отбасында қайғылы жағдай. Актрисаның әжесі өмірден озды. Көпшілік көңіл айтып, қайғыға ортақтасты.

Актрисаның әжесі өмірден өтті. Жәния желіде ыстық естелігін жазып, әжесімен қоштасты.

“Менің Софиям, менің әжем өмірден озды. Атам арамыздан кеткен соң ес жиып үлгермеген едік. Әжемнің жүзінде ешкімге көрсете бермейтін мейірімділік бар еді. Бұл мүлде күтпеген жағдай болды. Ештеңені алдын ала ескертпеді. Ол күйеуіне кетті. Атамның сүйікті диванына жатып, дәл сол уақытта бақилыққа аттанды. Бұл –  махаббат.

Бір күн бұрын әжем анама қоңырау шалып, түсінде асүйде атаммен шай ішкенін айтқан екен.

Бұл – өзімшілдік.

“Мен бәрін түсінемін. Құдайдың және олардың шешімін қабылдаймын, бірақ мен өзімді ұстай алмаймын: кейде ата-әжем мені орманның бір жерінде қалдырып, кетіп қалғандай елестейді. Мен не істеу керек екенін мүлде білмеймін. Қалай жеңу керек? Мына тоғайдан қалай шығуға болады? Оларды қайдан таба аламын? Бағыттаушы жұлдызды көрсетіңіздерші. Түсіме кіріңіздерші. Дүйсенбіден бастап өмір сүремін. Өмір сүру керек”, – деп жазды актриса.

Жәния әжесінің көзі тірісінде түскен фото-видеоларын жариялап, естеліктерін көрсетті. Желі қолданушылары мен құрбылары көңіл айтып, қайырлы болсы десті.

“Иманды болсын. Жаткан жері жарық болсын!”, – деді Луина.

“Иманды болсын, жаным. Уақыт келеді, бәрі реттеледі, бірақ әзірге іштегі кішкентай жүрегің үшін өмір сүру керек”, – деді Әсел Сәдуақасова.

“Иманды болсын, Жаниюш”, – деді Нәзима.

“Иманды болсын, мықты бол”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

“Жатқан жері жайлы болсын…. Бекем бол”, – деді Салтанат Бақаева.

“Иманды болсын” – деп жазды Мәдина Сәдуақасова мен Рано Омарова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.