Ерке Есмахан жақында сәбилі болатынын хабарлады

0 28

Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады. Әнші жақында сәбилі болатынын хабарлады, деп жазады «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Есмахан желідегі парақшасында УДЗ суретін жариялап:

«Ана болатынымды сіздерден жасыру мүмкін емес. Ал, сүйінші», — деп жазды.

Көпшілік әншінің бұл мәлімдемесіне таңырқап қалды. Жуырда ғана ота жасатқан Еркені «хайп» үшін жалған сөйледі деп айыптағандар жетерлік. Сондай-ақ, кей оқырмандардың болжамынша, Ерке болашақ кіндік баласының суретін жариялаған.

Айта кетейік, Ninety One тобының бұрынғы мүшесі A.Z-мен қарым-қатынасын үзгеннен кейін, әнші басының бос екенін айтқан еді. Есмахан “тұрмысқа шыққысы келмейтінін” де көпшілікке ескерткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.