Мақпал Жүнісова тағы да дауға ілікті. Жазушы Зейнеп Ахметова әншіні фонограммамен ән айтады деп сынға алып, онымен не үшін араласпай кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Керемет деген әншілердің бәрі фонограммамен ән айтады. Мақпал албасты бар, тағы басқалары бар, ауыздарын жыбырлатып тұрады», – деген Ахметованың сөзі әнші Айгүл Елшібаеваның тікелей эфирі кезінде жазылып қалған. Видео үзіндісі әлеуметтік желіде тарап кетті.
Сондай-ақ Ахметова кезінде Жүнісоваға қолдау көрсеткенін, алайда белгілі бір себепке байланысты онымен араласпай кеткенін түсіндірді.
«Заманбек (Нұрқаділов) менімен жақын бөле болатын. Мақпал жалғыз қалған кезде психологтан ары көмек көрсетіп, қасында болып, қарадым. Кейін ол өзі: «Болат маған бриллиант сыйлады, қызымның өкіл әкесі, бассейнімді жөндеп берді», – деп сахнада айта бастады. Содан кейін араласпай қойдым», – деді ол.