Жуырда тағы да сәбилі болатынын жариялаған Сая Оразғалиева гендер-пати жасады. Ол үш ұлдың анасы атанатынын көпшілікке хабарлады. Актриса қызды болғанша бала туатынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оразғалиева жақындарының басын қосып, болашақ сәбиінің жынысын анықтады. Ақырында актрисаның ұлды болатыны белгілі болды.
«Ұл болатынын сезгендеймін. Оған бола көңіл күйім түскен жоқ. Имран екеуі егіздер сияқты қатар өседі. Үшіншісі қыз болса, осымен тоқтаймын деп ойлағанмын. Бірақ енді қызды болғанша туа беремін. Ханшайымның анасы болу қандай екенін сезінгім келеді», – дейді актриса.
Оразғалиева өткен жылдың желтоқсан айында екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бүгінде актрисаның екі ұлы өсіп келеді. Жыл соңына дейін ол тағы бір ұл баланың анасы атанбақ.