Заңғар Нұртастың келіншегі жұбайымен алғашқы кездесулердің бірінде болған қызықты оқиғаны баяндады. Сондай-ақ Жібек бұған дейін де Заңғардың өзіне үйлену туралы ұсыныс жасағанын мойындады. Алайда ол кезде ғашықтар қосыла алмай, екі бөлек кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Заңғар мен Жібек Қытайда оқып жүріп танысқан. Екеуі 9 жылдық қарым-қатынастан кейін отбасын құрды. Жібек алғашқы кездесулердің бірінде болған қызықты оқиғаны баяндады.
«Екінші кездесу еді. Екеуміз кешкі ас ішіп болған соң, Заңға орнынан тұрмақ болып, қолымен дастарханды іліп алды. Сөйтіп үстелді төңкеріп жіберді. Ыдысты сындырғанымыз үшін айыппұл төлеп, рахаттанып күліп алдық. Кейін ол мені университетке жеткізіп салды.
Ол кезде Заңғар ұяң еді. Қазір сондай жағдай болса, ол ұрысып беріп, сторис түсірер еді», – деп бөлісті ол.
Сондай-ақ Жібек алғашқы жылдары ашушаң, сабырсыз болғанын айтты. Сөзінше, бірер жыл бұрын да Заңғар оған жүрегін ұсынып үлгерген. Алайда екеуі сол күйі қосылмастан айырылысқан.
«Мен әрқашан сабырлы болмадым. Осыдан 5 жыл бұрын айналаның бәріне ренжігіш, өзіне махаббатты талап ететін адам болдым. Ашушаңдықтың «шыңына» жеткенде Заңғар маған үйлену туралы ұсыныс жасады. Бірақ ішімде тыныштық орнамады. Оны мәжбүрлегендей сезіндім. Ақырында екеуміз айырылысып, ол уақыт менің толыққанды өзгеруіме себеп болды. Мен өзімді дамытумен айналысып, жаңаша тыныс ала бастадым. Соңында екеуміз қайта қосылдық. Ол кезде мен өз-өзіммен үйлесім тауып, өзімді жақсы көре бастаған едім. Заңғардың да маған деген көзқарасы өзгерді. Екеумізге осы керек еді», – деп бөлісті Жібек Қайратқызы.