Қыз ұзатудан алдына жан салмайтын Жазира Байырбекованың репертуары тағы бір әнмен толықты. Бұл жолы әнші енелердің келініне арнауын орындамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Байырбековаға мұндай әнді айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева тарту етті. Күні кеше ұлын үйлендіріп, Стамбұлдың төрінде аста-төк той жасаған Тұрсынбаева аталған туындыны келініне арнап жаздырыпты.
«Айекем, келін құтты болсын! Жүзі жып-жылы, өзіңе ұқсайды екен. «Келініме арнап, ән шығардым, сол әнді саған сыйлаймын» — деп айтқан ниетіңе қатты риза болдым. Үлкен рахмет!
Айналаңа, шуағыңды шашып жүресің, соған орай өзіңізге жақсы келін бұйырды деп ойлаймын. Мен бара алмасам да, саған шын жүрегіммен ана бақытын тілеймін», — деп бөлісті Байырбекова желідегі парақшасында.