«Мені асырап алған»: Атышулы Жан Ахмадиев даулы мәлімдеме жасады

0 5

Рэпер, белсенді блогер Жан Ахмадиев балалық шағына қатысты даулы мәлімдеме жасады. Ол бала кезінде ата-анасының тастап кеткенін, өзге адамдардың қолында тәрбиеленгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ахмадиевтің бағдарламада өзі туралы айтқан мәлімдемесі желідегі пабликтерде тарап кетті.

«Мені асырап алған. Мен бірақ қазір әкемді иттің етінен жек көремін. Ол мені кішкентай кезімде беріп жіберген. Баланы тастауға болмайды. Жағдайды жасап алғаннан кейін, ол шалдың маған керегі не?

Бауырыңнан бөлініп шыққан баланы тастау деген безбүйректік. Мен оған кезінде керек болмағанда, ол маған қазір не үшін керек? Ол адамның болашағыма еш қатысы жоқ. Мені басқа адам асырады. Әкемнің есімі — Амангелді, сол кісінің арқасында адам болдым. Сол кісіні пір тұтамын, құрметтеймін», — деді Жан Ахмадиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.