Соңғы уақытта Төреғалидың өзі емес, оның отбасындағы өзге мүшелері де халықтың назарына жиі ілігіп жүр. Бұл жолы атышулы әншінің Фариза есімді қарындасы елдің ашуын тудырған, деп хабарлайды Экспресс К.
Таяуда Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен кіші қажылыққа барып қайтқан. Ол Меккедегі сапарын желіге жүктеп, мұсылмандық парызын өтеп келгенін айтыпты. Сондай-ақ Төреғалидың қарындасы қасиетті қағбаның қасында өзінің еңіреп жылаған сәтін ту сыртынан видеоға түсіртіп, жеке парақшасына салған. Бейнежазбаны көрген көпшілік блогердің құлшылық кезіндегі бұл әрекетін жасандылыққа балап, қатты сынапты.
«Құлшылық етуге барған соң бұлай рөлге кіріп ойнаудың не керегі бар? Өз құлшылығыңды жаса, несіне жария қыласың? Түсінбеймін сендерді», «Мен жылаймын, мені түсір» деген сияқты екен. Ренжімеңіз», «Камераға түсірудің не қажеті бар? Бәрі жасанды»,