Бағлан Әбдрайымов: «Мені адам болмайды дегендерді жиі естігенмін»

0 5

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдрайымов ең бай адам болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бағланмен енді араласпа! Ол өшті, енді адам болмайды” дегендерді жиі естідім. Еш көңілім түскен емес. Әйтеуір бір жақсылық боларын сезетінмін, сенетінмін. Иә, талай жігіт сынып кетті, талай жігіт өшіп, талайы өліп кетті.🥲Менде солардың бірі болар едім… Егер дер кезінде мойындамағанымда. “Ауыруын жасырған өледі” деуші еді. Жасырмадым. Сол ниетіме Жаратқан тура жолды көрсетсе керек.

Кітабым жазылды. Уақыт келе міне киносы жарыққа шыққалы тұр. Ешкімге ештеңе дәлелдегім келмеді. Жәй өз мүмкіндігімді көргім келді. Адамның жасаған адам жасайды екен. “Амалдан ниет жоғары” деген осы шығар. 60 мың теңгемен басталған бизнесім осы еді.”, – деп ағынан жарылды өнер жұлдызы.

Сондай-ақ, әнші алға қойған арман-мақсаттарымен де бөлісті.

“Құмар ойыннан қалған қарызым бар, киноға алған қарызым бар бәрінен құтылсам деген ниет бар! Шынымды айтсам қарыздан құтылып ең бай адам болу арманым! Артылып жатса қаладан үй алсам. Әкеме жаңа көлік аперсем. Өзіме бір жаппай көкпарға ат алсам. Жылы жаққа бала-шағамды алып “заслуженный отдыхқа” кетсем екен деген ниет бар. Касса ақталмай, тағы да қарызға қарыз қосып жүруге шынымды айтасам духым жетпейтін шығар. Бірақ Алла тағала әділ ғой. Еңбектің рахатын көреміз деген ой бар”, – деп жазды Бағлан Әбдрайымов.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.