Әнші Назима су жаңа темір тұлпар мінді

0 3

Әнші Назима автокөлікті қажеттіліктен сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Өнер иесі аппақ “Hyundai” маркалы автокөліктің иесі атанды.

“Құттықтау қабылдаймын. Өткен жаздағы гештальтті жаптым (қажеттілігімді өтедім). Көлік сатып алу туралы бұрын-соңды ойламаппын. Бірақ қазір өзіме автокөлік қажет екенін түсіндім. Армандарыңыздың орындалуына тілектеспін. Әрқайсысыңызға жұғысты болсын”, – деп жазба қалдырды Назима.

Оқырмандары әншіні құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

“Құтты болсын! Игілігіңе мін”, “Бізге де жұғысты болсын”, “Жолың ашық болсын”, “Құтты болсын, жолда қалдырмасын!”, “Бар жақсыға лайықсың”, – деп тілектес екендерін білдірді желі қолданушылары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.