Асқар Ілиясов Мумбайдағы кинофестивальде үздік актер атанды

0 15

Қазақстандық актер Асқар Ілиясов Мумбайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кинофестивалінде үздік ер адам рөлі номинациясында жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.

“Мумбайдағы кинофестиваль. Ең үздік ер адам рөлі үшін марапат”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.

Марапаттау рәсіміне актермен қатар фильм режиссері Алдияр Байрақымов қатысты. Сондай-ақ, шарада жақында ШЫҰ кинофестиваліндегі қазылар алқасының мүшесі болған отандық әнші Димаш Құдайберген де төбе көрсетті.

Айта кетейік, Асқар «Паралимпиец» фильмінде Олимпиадада алтын алуды армандаған, алайда жантүршігерлік апат салдарынан аяғынан айырылған шаңғышы Мақсаттың рөлін сомдаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.