Танымал әнші Төреғалидің келіншегі Толқын Тұрарбекқызы тұңғыш қызы Кәусардың диагнозы мен бастан өткен қиындықтары жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Мен – ерекше баланың анасымын. Ана атанамын дегенше тіпті ерекші балалар бар екенін білмей өсіппін. Кәусарым туылып, мың түрлі диагноз қоя бастағанда отбасымызбен түңіліп кеттік. Бастапқы жылдары баланың диагнозын қабылдай салу оңай емес. Өзіңді кемсіткендей сезім пайда болды. Диагноздың өмірлің екенін ойлағың да келмейді. Басында өзіме қуануға да тыйым салатынмын. Бір жаққа шығып көңіліңді бөліп келу, “балам ауырып жатқанда қай жетіскеніңнен қуанасың” деп ойлайтынмын”, – деп жазды Төреғалидің әйелі.
Алайда ол араға уақыт салып мұның тағдыр екенін түсінген.
“Ерекші балалардың анасы мұны “дәрігердің ағаттығынан немесе вакцинадан баалам осынай болды” деп кінәлайтын шығар. Бірақ неге сіздің балаңызды дұрыс қарамады? Неге? Себебі ол Алланың қалауы. Алла қалады, дәрігер қателесті, вакцина дұрыс егілмеді. Сынақты сый деп қабылдаса, Алла оған басқа есіктерді ашып қояды”, – дейді Толқын.
Сондай-ақ ол тұңғышы дүниеге келген соң өмірінің өзгергенін айтты.
“Кәусарым менің өміріме көп өзгерістер алып келді. Ең бірінші, иманым күшейді, сабырлықты үйрендім, Алланың сансыз беріліп жатқан нығметтерін cезінуді, адамды тілсіз түсініп, ешкімнен ештеңе күтпеуді үйрендім”, – деді ол ағынан жарылып.