«Өзіңсіз өткен 100 күн». Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады

0 26

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қайтқанына жүз күн өткенін айтып, көпшіліктен ол үшін дұға тілеуін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Өзіңсіз өткен жүз күн… Балалар өсіп, азамат болды деген осы. Өткенде келін хабарласып, “Тәте, әкеміздің жүз күндігіне құран бағыштап жатырмыз, Алматыға келіңіз” деп шақырды. Анам мен балаларымды үйде қалдырып, туған-туыстармен көрісіп, ыңғайы келсе, Қайрекеңнің басына барып келейін деп Алматыға жолға шықтым. Жүз күн өте шықты. Мүмкіндіктеріңіз болса, құран бағыштап, дұға тілеп қойыңыздаршы”, – деді Ләйлә өтініш жасап.

Сондай-ақ ол марқұм күйеуін қатты сағынғанын жеткізді.

“Уақыт жылдам жылжуда. Өзімді қоярға жер таппағанда барынша көңілімді ұсақ-түйекпен аулап, ойымды жинаймын. Мұңайып, жыламауға талпынып, есеюге тырысып келемін. Әлі күнге дейін есікке қарап елеңдеймін. Әдеттеідей, жарқын жүзіңмен есіктен кіріп келетін сияқтысың. Әлі күнге дейін түсімде көремін. Сырымды айтамын. Өңім болса екен деймін. Ұлдар да ержетті. Оларға бағыт беріп, жол сілтеуге тырысамын. Сенсіз маңызды шешім қабылдауды үйрендім. Сенімен өткен әрбір естелікке толы сәтіме ризамын, шүкір деймін. Еркелете икемдеп, тәрбиелеп, азаматтықты үйреткен балаларымыз үшін рахмет”, – деп жазды тележүргізуші.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.