«Анамның тағдырын қайталап жатқандаймын». Айжұлдыз Адайбекова әкесі туралы сыр шертті

0 84

Айжұлдыз Адайбекова MOM’sкий әңгіме бағдарламасында әкесі жайлы және туыстарымен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мен әкесіз өстім. Анамның маған аяғы ауыр кезде әкем жол апатынан көз жұмды. Бірақ ол көзі тірісінде анама қарайласқан, жанашыр адам болған. Сөйтіп бір кезде мен өзіме анамның тағдырын қайталап жатқандай көріндім. Карма болуы мүмкін деп ойладым. Сен өз қателігіңді түсінбеген кезде ол нәрсе қайталана береді. Мүмкін ата-ана тарапынан айтылмаған қалған дүниелер бар ма екен? Сөйтіп мен әкемнің жатқан жері Ақтөбе қаласы, Шалқар жаққа барып қайттым. Ішімдегіні айттым, Құран бағыштадым. Әкемнің туыстарымен жиі араласпайтынмын. Анам мені анда-санда апарып тұратын. Сол кезде мен ағайын-туыстарымды, әжемді көргім келді. Әкем өмір бойы менің жанымда болғандай сезімде болдым”, – дейді Айжұлдыз әсерімен бөлісіп.

“Мен әкемді көрмесем де менің бойымда оның тәрбиесі, мінезі, бір кездері басынан өткерген қиыншылықтары мен реніштері, армандары бар. Тік мінезділігім әкеме тартқан, қиын жағдайларда өзімді-өзім алып шығуыма әкемнен берілген қайсар мінезім себеп болуы мүмкін. Қазірдің өзінде ол менің жанымда, мен оны сеземін, кейде әкеммен сөйлесемін”, – деді ол.

Айжұлдыз марқұм әкесіне хат жазғаны туралы да жасырмай айтты.

“Мен әкеме хат жаздым. Оған алғыс айттым. “Сенің барыңа рахмет. Мен ештеңеге өкінбеймін. Жәй ғана алғыс айтамын” деп жаздым. Адам өмірде жоқ адамға хат жазса ол жеті атасының артында тұрғанын, оның күшін сезінеді. Бұл өмірде жалғыз адам жоқ. Жоқ дегенде, оның бойында жеті атасының қаны, жаны, бөлшектері бар. Ең бастысы әр адамның жүрегінде бір Құдай бар”, – дейді Айжұлдыз Адайбекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.