Актриса Назым Әбілдина сәбилі болды

0 40

Актриса, әнші және тележүргізуші, «КешYOU» тобының экс-солисі Назым Әбілдина ана атанды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Назымның анасы Ғалия  Байбосынова өзінің әлеуметтік парақшасында мәлім етті. Назым Әбілдина қызды болды.

“Менің мәртебем өсті. Мен жап-жас апа атандым. Құттықтауларыңызға рахмет. Нося ана болды”, – деп жазды продюсер. Алайда Назымның өзі ешқандай мәлімдеме жасамады.

Қуанышты жаңалықтан хабардар болған отандық шоу-бизнес өкілдері құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

“Жаңа мәртебең құтты болсын”, “Бауы берік болсын”, “Құттықтаймын, Ғалия! Бақытты қыз болсын”, “Анасы мен қызының денсаулығы мықты болсын”,”Әрқашан сұлу және жас әже болып жүре беріңіз”, “Анасы да, бөпесі де аман-сау орталарыңызға оралсын”, – деп жазды желі қолданушылары.

Танымал продюсер Баян Алагөзова әріптесін қатарға қосылуымен құттықтады.

Назым Әбілдина 2021 жылы неке жүзігін тағып, қалыңдық атанғанын хабарлаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.