Зәулім үйін сатып, кино түсірген Жахан Отарғалиев пен әйелі пәтер жағалап жүр

0 37

60 миллион теңгеге үйін сатып, фильм түсірген Жахан Отарғалиевтің әйелі пәтер жалдап жүргендерін жасырмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 құрам өзгерткен «КешYOU» тобының экс-мүшесі Балжан Бидаш әлеуметтік желіде оқырманнан келген сұрақтарға жауап берді.

“Сіздер пәтер жалдап жүрсіздер ме? Қашан үй аласыздар?” деген сауалға әнші: “Бұйырса алармыз. Үйсіз қалсақ та, Жаханға сенемін деп отырмын. Қазір пәтер жалдап тұрып жатырмыз”, – деп жауап қайтарды.

Жаханға тұрмысқа шыққалы Балжан өнерден де, сахнадан да кетті. Өнер адамының қандай құрбандыққа барғанын көрген оқырман Балжан үшін Жаханның тарапынан болған батыл әрекеттер жайлы сұрады.

“Бәрі Жахан үшін дейсіз, ал ол сіз үшін қандай дүниелерден бас тартты?” деген сұрақты Балжан: “Қыздардан”, – деп қысқа қайырып, әзілмен жауап берді.

Айта кетейік, актер Жахан Отарғалиев фильм түсіру үшін 60 миллионға үйін сатқан болатын. Кино туынды сәтті шығып, “Джохан” фильмінен 850 миллион теңге табыс түскен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.