Айжан Нұрмағамбетова бауырына басқан екі баланың кім екенін айтты

0 70

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова “1001 түн” бағдарламасында жалғыз ұлы Диастан бөлек тағы екі баланы асырап жеткізгенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Сіз екі баланы бауырыңызға басыпсыз, сол рас па?” деген сауалына өнер иесі: “Олар – күйеуімнің ұлдары. Солай болып қалды. Үш ұлдың анасымын. Мен бұл туралы еш жерде айтқан жоқпын. Маған келгенде бірінің жасы 11-де, екіншісі 8 жаста болатын. Қазір олар ержетті. Мен олардың мұрнын сүртіп, өбектеп өсірген емеспін. Оқыттым, көлігін әпердім, тойларын жасап бердім”, – дейді Айжан Нұрмағамбетова.

Әнші өзінің қандай ана екенін де жасырмай айтып берді.

“Мен басқа әншілерге қарағанда 10 жылға ерте күйеуге шығып, ерте босандым. Менің балам “18 жасымда үйленемін” дегенде шалқамнан түстім. Ұлыма ешқашан “былай істе” деп айтқан емеспін. Оқуға түсер кезде менімен ақылдасқан да жоқ, өзі барды. Заңды, журналистиканы оқыды. Өнерге келуіне қарсы болған жоқпын, бірақ оған көмектескен де емеспін. Балам фортепиано сыныбын бітірген, музыкалық білімі бар”, – дейді өнер иесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.