Отандық әнші Кенталдың екінші сәбиі дүниеге келді. Бұл туралы әншінің жұбайы Милана Кенжебулатова өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Қош келдің, ұлым! Біздің екінші ұлымы дүниеге келді, Аллаға шүкір”, – делінген жазбада.
Кенталдың өнердегі әріптестері мен оқырмандары қуанышты жаңалықпен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
“Құттықтаймын, көз қуаныштарың болсын”, “Бауы берік болсын”, “Сендер үшін қуаныштымын, құтты болсын”, “Қуаныштарыңа ортақпын, мықты ер азамат болып ер жетсін”, – деп жазды желі қолданушылары.