Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP рейтингінде үздік 40 спортшының қатарына енді

0 8

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылар рейтингісінің ұсынды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең мықты үштік өзгеріссіз қалды. Бірінші орында — испан теннисшісі Карлос Алькарас, екінші орында — оның жерлесі Рафаэль Надаль, норвегиялық Каспер Рууд үздік үштікті түйіндеп тұр.

Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бублик бес сатыға көтеріліп, 38-ші орынға тұрақтады. Тимофей Скатов алты сатыға төмен түсіп, тізімде 158-орынға жайғасты.

Жұптық сайыста америкалық Раджиев Рам көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда британдық Джо Сэлисбери мен Нидерланды теннисшісі Уэсли Кулхоф тұр.

Қазақстандық Андрей Голубев 52-орыннан 54-орынға сырғыса, Александр Недовесов бір сатыға жоғары көтеріліп, 61-орынға жайғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.