Жанар Айжанова халықаралық кинофестивальде үздік актрисалар қатарына енді

0 16

Жанар Айжанова XXVII Пусан халықаралық кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі»аталымындағы үміткерлердің бестігіне енді, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Пусан халықаралық кинофестивалі 3 жылдан кейін алғаш рет қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Яғни маска киіп кинотеатрлардағы барлық орындарға отыруға рұқсат етілген. Фестивальге 71 елден 242 фильм қатысады. Арасында Қазақстандық екі туынды бар.

Жанар Айжанова өмірінде алғаш рет қызыл кілемнен өтті. Танымал әнші халықаралық кинофестивальге Азиядағы үздік кино актрисаларының бірі ретінде шақырылды. Оның «Аппақ келін» сериалындағы шеберлігі қазылар алқасының көңілінен шықты. Осылайша, басқа 4 үміткермен бірге Жанар ең үздік әйел рөлі номинациясына енді.

Жүлде 30 жастағы корей киножұлдызы Пак Ын Бинге «Ерекше заңгер» драмасындағы рөлі үшін берілді. Бірақ мұндай беделді кинофестивальге қатысудың өзі жеңіс деп есептейді Жанар Айжанова.

“Киноға кеше ғана келгенмін, әлі10 жыл болған жоқ. Он жылға жетпей 6-7 жылдың ішінде көзге ілігіп келіп үздіктердің қатарына кірген менде арманжоқ. Сондықтан да жастарымызға біздің жолды берсін, бізден әрі қарай асып кетсін, фестивальдардан қалмасын жүлделі орынға ие болсын”, – дейді актриса.

Жанар Айжанова актерлік карьерасын жалғастыруды көздеп отыр, бірақ сахнадан кетпейді. Әнші Алматыдағы халық музыкалық аспаптар мұражайында жұмыс істейтін болады.

“Мен музейге амбасадор болып жұмысқа кірдім. Бір жағынан музейге жастардың, жалпы адамдардың келуін көбейтуге ат салысамыз. Сол залда әр апта сайын жексенбі күні домбыраммен мені іздеген адамдарға жеке концертімді беремін”, – деді танымал әнші.

Кинофестивальге режиссер Дарина Манапова да қатысуда. Оның шетел әріптестерімен түсірілген фильмнің көрсетілімі болады. Даринаның картиналары бұрыннан белгілі болғанымен, ол үшін Пусан киноакадемиясында оқу жаңа жетістіктерге апаратын жол.

“Мен мұнда 10 адамнан құрылған командамен бірге фильм түсіріп жатырмын. Менімен бірге 3 режиссер 10 күн бойы 1 қысқаметражды фильмді түсіреміз. Оның алдында бір айлық өндіріс алдындағы дайындық бар. Бұл шын мәнінде бірегей бағдарлама, өйткені менің ойымша, Азияда баламасы жоқ. Бізбен күнде сөйлесетін және бұл сирек кездесетін жоғары санатты мамандардан, тәлімгерлерден кеңес алуға үлкен мүмкіндік бар”, – деді Дарина Манапова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.