Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатының жолдамасы үшін Жапониямен таласады

0 11

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер өз тобында үш кездесу өткізді.

Сергей Квактың шәкірттері Иордания мен Сингапурды жеңгенімен, бүгін соңғы ойында Аустралияға есе жіберді – 0:3.

Осылайша, ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен шеберлік байқасады.

Жапондықтарды жеңген жағдайда қазақстандықтар жартылай финалға шығып қана қоймай, жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады. Сондай-ақ Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлем теннисшілерінің көшін бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.