Жанкүйерлер бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын әуежайдан қарсы алды

0 18

Елорда халықаралық әуежайында көпшілік жұрт бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат 13:20-да елорда әуежайына Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен чемпиондардың алғашқы легі келді. Атап айтқанда, алтын медаль иеленген Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен күміс жүлдегер Дулат Бекбауов елге оралды.

«Осы әлем чеспионатына ілігудің өзі өте тартысты болды. Әр салмақта ең мықты деген жігіттерді таңдадық, оларды жарыстарға жібердік. Кейін оларды оқу-жаттығу жиындарында қарадық. Сөйтіп, іріктеліп шықты. Ал кейбір салмақтарда іріктеу өте қиын болды. Өйткені, бір салмақта бірнеше мықты болды. Тіпті кейбірі бірдей нәтиже көрсетіп жатты. Дегенмен, таңдау жас спортшыларға берілді» , — деп пікір білдірді Мырзағали Айтжанов.

Жеңімпаздардың екінші тобы — Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай Астана уақытымен сағат 16:00-де елордаға қонады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатын 4 алтын, 1 күміс медальмен аяқтады. Спортшыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.