Мойынқұмда түйе палуан өтті

0 26

Қазақ күресінен спорт шебері, ақын, палуан Әміребеков Жамбыл Төребекұлын еске алуға арналған Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық турнир және шәкірттер арасында түйе палуан өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жарысқа Алматы, Тараз, Құлан, Шу, Балуан шолақ өңірлерінен және Мойынқұм ауданының түкпір түкпірінен 200-ден аса оқушылар қатысты. Жалпы жарыс 12 салмақ бойынша өтті. Жасөспірімдер арасында өткен облыстық турнирде 80-нен астам медаль, диплом ,сыйлықтар берілді. Жеңімпаз оқушылар және бапкерлер медаль, диплом, 10000 теңге жүлде қорымен марапатталды.

Ж.Әміребековты еске алуға арналған турнирды ұйымдастырушы шәкірттерінің арасында түйе палуан өткізілді.

Жеңімпаздар 1-орын Самат Отарбаев Самат жүлде қоры 200,000 тг көлемінде қаржылай сыйлық берілсе, 2-орын Әділет  Бубеев — 100000 тг, 3-орын  Серік Қораласбаев  — 70,000 тг алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.