Ұлттық мереке Респубика күніне орай аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы стадионда футболдан жасөспірімдер арасында Мойынқұм ауданының ашық турнирі өтті. Оған Меркі, Шу, Мойынқұм аудандарынан 6 команда қатысты.
Турнирдің ашылуында аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Қалдыбеков, аудандық бұқаралық спорт орталығының директоры Темірхан Жұмағұлов турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Нәтижесінде I, II орындарды Мойынқұм ауылы, III орынды Көкжелек, Жамбыл ауылының құрама командасы иеленді. Жеңімпаздар «Нығмет нұры» ҚБ дайындаған арнайы медаль, диплом және спорт формаларымен марапатталды.