ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесі

0 413

Бүгінгі таңда діни мәселе қоғамдағы өзекті сұрақтардың бірі. Біздің қоғамды діни радикализм мен экстремизм проблемасы біршама алаңдатып отыр. Бұл бағытта мемлекет нақты шаралардықолға алып, діни саладағы ахуалды реттеуде жаңа бастамалар ұсынып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Экстремизм Қазақстанда кең ауқымда пайда бола қоймағанымен, конфессионалдық тұрақсыздықтың бізде де бой көтеруінің белгілі бір қауіпі бар. Әрине, егер осы қауіпті өз уақытында сезініп, алдын алмасақ…», — деген болатын. Осы орайда, з.ғ.д., профессор Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров те: «Экстремизмге қарсылықты іске асыруда кешенді және жүйелі жол қажет. Сонда реттеуші ғана емес, тыйым салушы да шараларқарастырылатын еді», — дейді. Десек те, бұл бағытта атқарылған жұмыстар да жоқ емес. Оған дәлел, бүгінде дінтану, саясаттану және теология саласында білікті мамандар еңбек етіп, діниұйымдардың іс-әрекеттерін қатаң бақылауға алып, олардың таралу шеңберін шектеуге біршама күш жұмсауда.

Қазақстан Республикасының  дін саласындағы мемлекеттік саясатын  жүзеге асыру  мәселелерін үйлестіретін негізгі бағдарламалық құжаттардың бірі ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарлама екені бізгебелгіліБағдарламаны әзірлеу кезіндеНорвегияның, Финляндияның, Канаданың, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің оң тәжірибесі назарға алынып және бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 286 981,6 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 226 294,2 млн теңге, жергілікті бюджеттен 60 687,4 млн теңге қарастырылған. Бұл экстремизм мен терроризм қауіп-қатерлерінің алдын-алу саласындағы өзекті мәселелерді шешудің нормативтік және ұйымдастырушылық негізі болып табылады. Ол ҚРдіни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 — 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 Қаулысы бекітілген болатын.

Бағдарламаның басты мақсаты–діни экстремизм мен терроризмнің қауіпті көріністерінен жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бағдарламаны жүзеге асыруға көптеген мемлекеттік органдар қатысып және келесідей мақсаттар орындалмақ:

қоғамда радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру;
тіркелмеген діни топтармен және қауымдармен, соның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға және діни араздықты немесе алауыздықты өршітуге жол бермеуге бағытталған діни бірлестіктерді тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
халыққа діни қатынастар саласында консультативтік көмек көрсетуге бағытталған бірыңғай республикалық «114 — қауырт желісінің», радикалдық идеологиядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталған адамдармен және олардың жақын ортасымен жұмыс жүргізу үшін өңірлерде өкілдіктерін құру;
қылмыстық-атқару мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшенің қызметін жетілдіру және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдармен, оның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни бірлестіктердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
интернет және әлеуметтік желілер арқылы радикалдық идеологияға деген иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Дінге қатысты тура немесе жанама үдерістердің барлығы қоғамдық өмірдің маңызды бөлігін қамтитындықтан, дін төңірегіндегі туындайтын проблемаларды шешуге билік органдарымен қатар, азаматтық қоғам институттарының қатысуы ерекше маңызға ие. Өйткені, діни сипаттағы  проблемалар қоғамның өмір сүруіне қатысы бар проблемалар ретінде қоғамдық және ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен  тікелей байланыста көрініс табады. Өйткені, осындай құрылымдардың белсенді жұмыс атқаруы дін саласына қатысты маңызды мәселелер бойынша қоғамдық пікірді мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының терроризм мен экстремизмге қарсы күресте атқарып жатқан іс-шаралары қоғам тарапынан жан-жақты қолдау тапқан кезде ғана нәтиже беретіні іс жүзінде дәлелденген. Бірақ, ол үшін Қазақстандағы заңдарды бұлжытпай орындау қажет. Әсіресе, мемлекеттік органдардың өздері заңнан аттамауы тиіс. Заңдарда Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы жоғарғы оқу орындары студенттермен жұмыс істеп, терроризм мен экстремизмге қарсы әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыруы тиіс деп жазылған. Бұл жерде бір реттік іс-шаралар емес, үздіксіз жүргізілетін жұмыстар мен тұрақты оқыту туралы әңгіме болып отыр.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Діни экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды қалай ажыратуға және білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек. Меніңше, заңда көрсетілгендей факультативтік сағаттар өткізіп, жастармен жұмыс істеу керек, әр қайсысының бұл мәселеге қатысты пікір білдіруіне мүмкіндік беру қажет. Сондай ақ, идеологиялық, рухани-тәрбиелік жұмыстардың тиімді жүргізу ісі уақытында қолға алынбаса, халықтың арасында рухани, адамгершілік және патриоттық идеалардың тоқырауы басталатыны рас. Аталмыш проблемалардың салдарынан 2011 жылы Ақтөбедегі ҰҚК Департаменті ғимаратының жанында, сонымен бірге, Астана, Атырау, Тараз және Алматы қалаларында жарылыстар мен террактілер ұйымдастырылып, орын алған қанды оқиғалар елдің үрейін тудырды.

Айналып келгенде, бұл – идеологиялық күрес. Астыртын әрекет ететін, арам пиғылды ағымдарды тек күш қолданып жеңе алмайсың, оларды қоғамға бейімдеу немесе қайтару үшін идеологиялық бағытта жұмыс жүргізу қажет. ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 — 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаныжүзеге асыру мақсатында өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу және дұрыс діни бағдар берудің маңыздылығы турасындасалиқалы ой, салмақты пікірлерімен бөлісу. Тәуелсіздігі тұғырлы, экономикасы қалыпты, дінаралық келісім орныққан Қазақ елі қоғамының тыныштығын сақтауды басты ұстаным болу керек.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің бұрынғы басшысы Дәурен Абаев Қазақстан Дінтанушыларының ІХ форумында: «Екінші бағыт бойынша елде позитивті динамика байқалғанын атап өту керек. Деструктивті ағымды ұстанатын азаматтардың саны азайып барады. Бұл ретте біз «Ақ ниет» оңалту орталығымен және өңірлік құрылымдармен жұмыс жүргізудеміз. Сонымен қатар, масс-медиада радикалды идеологиямен күрес күшейтілді. Зайырлылық пен ұлтаралық келісім насихатталуда. kazislam.kz порталы жаңартылды. Құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды анықтау мақсатында интернеттік мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері. 2019 жылдың басынан бері кеңес беру тәртібімен интернет-алаңда құқыққа қарсы 25 мыңға тарта материал жойылды. Терроризм мен діни экстремизм идеологиясы насихатталған 13 мың материалға шектеу қойылды. Алайда бұлбағыттағы жұмысты әлі де жетілдіру керек. Контрнасихат бойынша әлеуметтік желідегі қолға алынған шаралар әлі де әлсіздеу. Жарияланған материалдың форматын қайта қарап, сапаға мән беру керек», – деп атап өтті.

 

Жамбыл облыстық «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығының мүшесі, дінтанушы Бахтияр Алпысбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.