Қазақстанда жылына 25 мыңға жуық нәресте шала туады

0 7

Жыл сайын әлемде 15 миллион сәби, ал Қазақстанда 25 мыңға жуық нәресте шала туады. Мұндай статистиканы Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында өткен жиында дәрігерлер мәлім етті, деп хабарлады Kazinform.

17 қараша — Халықаралық шала туған нәрестелер күні. Қазақстанда бұл күн 2013 жылдан бері атап өтіп келеді. Мақсат – шала туған нәрестелер мәселелеріне қоғамның назарын аудару, ата-аналарға қолдау көрсету, ерте босанып қалудың қауіптілігі мен салдары, сондай-ақ алдын алу және жүктіліктің толық мерзімін сақтау қажеттілігі туралы ақпараттандыру.

Педиатрия орталығының Неонатология және жаңа туған нәрестелердің хирургия бөлімінің меңгерушісі Айжан Байғұттиеваның айтуынша, әлемде жылына 15 млн нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Ал, біздің елде жыл сайын 25 мыңға жуық сәби шала туады.

нәресте
Фото: Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы

«Жыл сайын бөлімде әртүрлі патологиямен республиканың әр өңірінен 400-ге жуық нәресте емделеді. Олардың 80 пайызының салмағы 700 – 2500 граммға дейін. Жүктіліктің 25-35 апталығына туған сәбилер. Медицина мамандары 2022 жылы түрлі патологиямен дүниеге келген 300-ден аса сәбиді ажал аузынан аман алып қалса, биыл жыл басынан бері 350-ге жуық шақалақты күтіп баптады. Бөлім 20 төсек орынға арналған. Дене салмағы 1000 грамм ғана болатын шала туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі айтарлықтай өсті. Шала туған нәрестелердің өлім-жітімі 3-4 есеге төмендеді», — деді Педиатрия орталығының Неонатология және жаңа туған нәрестелердің хирургия бөлімінің меңгерушісі Айжан Байғұттиева.

нәресте
Фото: Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы

Айтуынша, бөлімде неонатологтар, неонаталды хирургтер және офтальмо-хирургтар жұмыс істейді.

«Баршаға аян, шақалардарды күтіп-бағу үлкен күш пен қайратты, төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Бұл тарапта ерекше ұқыпты күтім, жоғары технологиялық құралдарды қолдана отырып сапалы емдеу, ұзақ бақылауды талап ететін неонатолог дәрігерлерінің, неонаталды хирургтар мен мейірбикелердің еңбегі ерен. Мамандар ата-ананың психологиялық дайындығы да шала туған нәрестені сәтті күтуде үлкен рөл атқарады», — дейді ол.

нәресте
Leave A Reply

Your email address will not be published.