Жамбылдықтар Жолдауға қатысты пікір білдіруде

0 4

2 қыркүйек 2019 жыл  мемлекетіміздің ең маңызды күндердің бірі  ретінде тарихта қалатыны белгілі. Осы күні Қазақстан Республикасының президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын жолдады.

Бұл, жаңадан сайланған президенттің алғашқы жолдауы болғандықтан, Ел арасында қатты қызығушылық тудырды.  Бұл жолдау  мемлекетіміздің  президентінің  сайлауалды бағдарламамның негізінде жасалғаның ескерсек оның мемлекет дамуында елеулі үлес қосатыны және президентік басқарудың басты бағыттарын белгілейтіні анық. Әлемдік экономикада туындаған қиындықтар, мен алып дамыған экономикалар арасындағы жаhандық сауда соғыстары Қазақстан мемлекетінің экономикасына да теріс әсер етуде.

Осы орайда Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруы, ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу міндеттері экономиканы көтеретініне біз сенімдіміз.Бұл жолдаудын басқа жолдаудан негізгі ерекшелігі мемлекеттін экономикаға көз қарасының түбегейлі өзгеруі. Бұның ішінде мемлекеттін экономикаға әсері мемлекеттік секторлардың бәсекелестік нарыққа көңіл бөлуі,мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың  тиімділігін талдау бойынша  мемлекеттік компаниялардың  саның азайту туралы берген тапсырмалары –экономиканы инклюзивті экономикаға апаратын жол.

Бұл қадамдар мемлекетте бәсекелестік нарығын дамытып қана қоймай сонымен қатар  шағын және орта бизнестердің дамуына зор үлес қосуына,  болашақта ел экономикасын жаңа белестерге жеткізетініне сенімді бағыт.Осы орайда президентіміз шағын және орта бизнеске  жасалатын жеңілдіктер мен қолдаулар мемлекет тарапынан одан әрі қолдау табатынына нық сеніммен айтуда. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл  қаржылық қолдау  «Бизнестің жол картасы»  аясында үш жылдың ішінде 250 млрд. тенге  дейін қосымша бөлу туралы үкіметке берген тапсырмасы, бұл саланы дамыту ол мемлекет саясатының басты бағытына айналатынына көрсетіп отыр. Бұл шаралар  атап айтқанда, ең алдымен мемлекет  тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Мемлекет дамуы ол халықтың табысына тікелей әсер етеді.Табыстың көтерілуі ол мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсартатының ескерсек бүгінгі жолдау үлкен үміт пен болашақа деген нық сезімді оятып отыр.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

«Экономика және бизнес»

Факультетінің деканы

 С. Қожабеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.