Кенен Әзірбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

0 9

Кенен Әзірбаев атындағы X Республикалық «Шырқа даусым» дәстүрлі әншілер конкурсының әділ-қазылар алқасының құрамы және көрнекті тұлғаның ұрпақтары: Бақытжан Кененұлы, Бақытжан Сағынбекқызы, Баян Тұралықызы, Мұрат Көркемжанұлы, Мұхтар Бақытұлы, Төрткен Кененқызының қатысуымен Кенен ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Гүл қою рәсіміне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы да қатысты.

Айта кетейік, бүгін К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Х Республикалық «Шырқа, даусым» дәстүрлі әншілер конкурсы басталған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.