Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығы кеңінен аталып өтуде

0 4

Ағымдағы жылы екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Мойынқұм ауданының тумасы Данқты шопанның мерейтойы аясында Тараз қаласында Жазылбек Қуанышбаевтың бейнесі суреттелген барельефі мемориалдық тақтаның, «Ауыл шаруашылығы» скверінің салтанатты ашылуы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оған ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, @saparbayev_bm ардагерлер, Ж.Қуанышбаевтың туыстары қатысты.

Жазылбек Қуанышбаев еңбекке деген қабілеті мен өз ісіне деген сүйіспеншілігінің арқасында биік белестерді бағындырды. Ол өзінің тәжірибесін жас шопандармен бөлісіп, балаларды жастайынан еңбекке баулыды. Бүгінгі таңда оның жұмыс тәжірибесін тарату, жас ұрпаққа еңбектегі ерліктері туралы насихаттау – аса маңызды,деп атап өтті облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.