Асқар Мырзахметов Жуалы ауданындағы «Злиха» шаруа қожалығында болды

0 6

Ауданға жұмыс сапары кезінде Асқар Мырзахметов ат басын бұрған келесі нысаны – «Злиха» шаруа қожалығы болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қожалық жетекшісі Керімқұл Бегалиев жалпы 317 гектар жері бар екенін, оның 156 гектары картоп, 17 гектары арпа, қалғаны көпжылдық шөп екендігін тілге тиек етті. Шаруа қожалық бүгінде 50 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын енгізген. Сондай-ақ, сыйымдылығы 600 тонна болатын жеміс-жидек және 1200 тоннаға дейін картоп сақтай алатын қоймалары бар. Бұдан бөлек «Гримме» картоп жинайтын толық агрегаттарымен жабдықталыпты.

Бүгінде элиталы картоп тұқымын сатып алу мәселесі туындауда екен. Керімқұл Бегалиев картоп тұқымын жаңартуда облыстық бюджеттен қолдау болса деген ниетін білдірді. Оның өтініш-ұсынысы бойынша қажетті шаралар барысы зерделенбек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.