Мойынқұмда жоғалып кеткен 7 жасар бала табылды

0
234

Мойынқұмда жоғалып кеткен 7 жасар Ерік Рысбайды іздеу жұмыстары аяқталды, бала тірі және оның өміріне ешқандай қауіп төндірілмеген, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов баланы табу бойынша іздестіру іс-шараларын жеке өзі басқарды.

Баланы полиция қызметкерлері мен қамқоршы жергілікті тұрғындар Көкжілек ауылында, қамыс арасынан тауып алды, ол мұнда алдыңғы күні түнеген екен. Жанат Сүлейменов баланы іздеуге қатысқандардың барлығына алғысын айтты.

Еске салайық, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Кушаман ауылында 7 жасар бала үйден атпен кетіп, жоғалып кеткен болатын.

Баланы іздестіру жұмыстарына 400-ден астам адам жұмылдырылды. Олардың ішінде полиция қызметкерлері, әкімдік, төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер, сонымен қатар жергілікті орман шаруашылығы кәсіпорындарының бірінен төтенше жағдайды жою тікұшағы мен АН-2 ұшағы болды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here