Жамбыл облысында карантиндік шаралар жеңілдетілді

0 1

Жамбыл облысында  карантиндік шаралар жеңілдетілді.  Демалыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын барлық әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына рұқсат берілді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Оларға келушілер мен  қызметкерлердің «жасыл мәртебесі» болған жағдайда сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасы көшбасшыларының жобасына қатысатындар — сағат 02.00-ге дейін қызмет көрсететін болды.

Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Жарылқасынұлы айтты.


С
ондай-ақ, жұмыс күндері — барлық бизнес объектілерінің жұмыс істеуіне рұқсат.

Спикердің айтуынша «Жасыл мәртебе» болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды.  

«Мейрамхана, кафе және кофеханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй — жайда) 60-тан аспайтын орын, толымдылығы 50% — ға дейін, еске алу шараларын өткізу үшін -50 адамнан аспайтын орын, толымдылығы 30% — ға дейн, бірақ «Ashyq» жобасына қатысатын сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары — сағат 02.00-ге дейін жұмыс істейді.

Азық-түлік, азық-түлік емес базарларға, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйлері, сауда желісі объектілеріне аптаның барлық күндеріндежұмыс істеуге рұқсат берілді.

Діни бірлестіктердің объектілеріне 30%-дан асырмай толтырылған, бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз етілген  жағдайда ұжымдық ғибадат етуге рұқсат берілді.

Сауналар, моншалар, СПА-орталықтары, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру, фитнес, йога-орталықтары аптаның барлық күндері жұмыс істейді», — деді Бағлан Қыдырбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.