Таразда «Қымызмұрындық» мерекесі ұйымдастырылды

0 1

Бүгін «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің» ұйытқы болуымен «Қымызмұрындық» мерекесі ұйымдастырылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бұл бастаманың ерекшелігі 100 литр қымыз ауруханада әлемді жайлаған індетпен күресіп жатқан 100 науқасқа жеткізілді.

Осылайша жобалық офис қызметкерлері танымал блогер Мөлдір Анарбаева бастаған, кәсіпкер Меруерт Лештаева қолдау білдірген игі іске үлес қосты.

Еске сала кетейік, тараздық қос азаматша ауруханада өмір мен өлімнің ортасында күресіп жүрген дәрігерлер мен сырқаттанғандарға ыстық тамақ жеткізуді қолға алған болатын.

Таразда бастау алған аталмыш шара мен «Қымызмұрындық» дәстүрін аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық офистері де жалғастырмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.