Жақсылық жасап жарысайық

0 24

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының #АуылЕлБесігі арнайы жобасы аясында Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылының еріктілерінің ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж ауыл тұрғындарына қайырымдылық шаралары жүргізілді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Осындай қиын кезеңді еліміз бастан кешіріп отырғанда әрбір мұқтаж жанға созылған қол ұшы, ол жанұя үшін аса қымбат көмек.

Ауылдың еріктілері, жастары кәсіпкерлерінің қолдауымен барлығы 1 млн тг қаржы жиналып бұл қаржыға 1 сиыр, 1 қой, сондай-ақ 2 отбасының әрқайсысына 300мың тг-ден қаржылай көмек және 41 отбасыға азық түлік себеттері таратылды.

Бұл қайырымдылық акциясын аудан жастары «Жақсылық жасап жарысайық» тақырыбында челлендж түрінде жалғастыруға шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.