Үндістандықтар пілдерді жаппай өртеп жатыр

0 1

Үндістанда адамдар мен пілдер арасында үнемі қақтығыс орын алады.

Кейде ол тіпті қайғылы жағдайға да әкеліп соғатыны бар.

Жайылым және астықты алқаптарға кірген пілдерді адамдар аяусыз қуып, кей жағдайда тірідей өртеп жіберетінін де айтқанымыз жөн.

Ал кейде керісінше пілдер адамдарды таптап жарақаттайды немесе өлтіреді.

Аталмыш суретті түсірген фотограф Биплаба оқиғаны былайша суреттейді: «Адамдар пілдің баласы мен анасын тірідей өртеп жіберді. Пілдің шыңғыра қашқан дауысы құлағымнан кетер емес», — деді.

Өте ақылды және сезімтал піл жануарларын Үндістанда аяусыз қыруда. Олардың табиғи өмір сүру аясын адамдар құртып, өздерін түрлі жолмен өлтіріп келеді.

Бұл қарқынмен алдыңғы онжылдықта Үндістанда піл қалмауы мүмкін.

Дереккөз: ktk.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.