Шу ауданында қыл-қалам шеберлерінің байқауы өтті (ФОТО)

0 3

Бүгін Шу ауданында 30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет — өркендеген мемлекет!» атты аудан жастары арасында қыл — қалам шеберлері байқауы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Шара Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Байқау қорытындысы бойынша, жүлделі  1 орынды  Арай Қораласбаева, 2 орынды Мейірлан Сегізбай , 3 орынды Альфия  Донаева иеленді. Жеңімпаз атанған жастарға арнайы дипломдар және естелік сыйлықтары табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.