Бердібек Сапарбаев азаматтарды қабылдады

0 5
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша бейнеконференциялық байланыс режимінде қабылдау өткізді  , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Қабылдау барысында жамбылдықтар негізінен жер телімдерін алу, кәсіпкерлікті дамыту, мүгедектерге қолдау көрсету, әлеуметтік нысандар салу және тағы да мәселелер мен өтініштерін білдірді.
Мәселен, тараздық Е. Амандосов полиэтилен тефталатын қайта өңдеу зауытының құрылысын аяқтау үшін қосымша жер телімін сұрады. Бердібек Сапарбаев жоба мердігерлері өз міндеттемелерін толық орындамағанын тілге тиек етіп, оларды жүзеге асырғаннан кейін ғана кәсіпкердің өтініші қаралатындығын жеткізді.

Ал, облыс орталығының тағы бір тұрғыны Г.Нұрмашева мүгедектерді жұмыспен және баспанамен қамту мәселесін көтерді.

Қазір көпбалалы отбасылар уақытша баспана алуда. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де осындай бағдарлама нұсқаларын қарастыратын боламыз. Жоғары оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдіктер бар. Өзгелер секілді олар да білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасалған, — деп жауап берді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, қабылдауға жазылған М.Ахметов өзі туған Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында спорт кешенін салуды өтінді. Аймақ басшысының тапсырмасымен бұл мәселе аудан басшылығында қарастыратын болады.
Бердібек Сапарбаев бұл күні барлығы алты адамды қабылдады. Өңір басшысы олардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, түсіндірулер жүргізіп, тиісті мемлекеттік органдарға мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу жолында көмек көрсетуді тапсырды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.