Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданындағы өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды аралады

0 0
Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданындағы өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды аралады , — деп хабарлайды  “ZhambylNews”  АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары бұл жолы Мойынқұм ауданында жалғасын тапты. Ол ең алдымен Мыңарал ауылдық округінде орналасқан «Компания Мыңарал» ЖШС-ның атқарып жатқан жұмысымен танысты.
Аталған серіктестік мұндағы жергілікті тұрғындардың негізгі күнкөріс көзіне айналған балықты кәсіпкерлерден қабылдап алып, одан түрлі өнімдер шығарумен айналысады. Осыдан 6 жыл бұрын құрылған кәсіпорын жылына 1,5 мың тонна балық өнімдерін шығаруға қауқарлы екен. Алайда «Мыңарал компаниясы» балық зауытының директоры Сергей Нидің айтуынша Мыңарал ауылдық округінде балық аулауға машықтанған тұрғындар көп болғанымен, заңды түрде айналысатын кәсіпкерлер аз көрінеді. Тағы бір айта кетерлігі, балық зауыты әлі күнге дейін толық қуатында жұмыс істей алмай келеді. Оған бірден-бір себеп – шикізаттың жетіспеушілігі. Мәселен, зауыт 2017 жылы 853 тонна балық өнімін шығарса, 2018 жылы 597 тонна ғана өндіріп, жоспарлы межеден шыға алмай қалған. Ал өткен жылғы өндірген өнім көлемі тіпті 300 мың тоннаға да жетпей қалыпты. Оған қоса, зауыт меншігінде балық аулайтын екі учаскесі болса, өндіріс ошағына оның өзі жеткіліксіз көрінеді. Мекеме басшылығы жергілікті жердегі балық аулайтын айдындардың көлемін ұлғайтып, квота берілсе дейді.

Мыңарал ауылдық округінде пайдаланылмай жатқан учаскелер бар. Бұл жерлерді өз аттарына заңдастырған кейбір тұрғындар материалдық базаның жоқтығынан тиімді пайдалана алмауда. Сонымен бірге биыл зауытқа 500 тоннаға дейін квота беріледі деп жоспарлануда. Дегенмен оның өзі бізге аздық етеді. Біздің зауытқа квотаның аз мөлшерде берілуінің бірден-бір себебі – меншігіміздегі учаскелердің аздығында болып тұр. Бұл аймақтағы учаскелердің басым бөлігі Алматы облысынан келген кәсіпкерлерге тиесілі. Олардың материалдық-техникалық базасы төмен болса да, учаске көлемінің үлкен болуына байланысты оларға 2 мың тоннаға дейін квота беріліп жатыр. Әзірге арнайы келісімшарт негізінде солардың учаскесінде балық аулауға мәжбүрміз. Облыс әкімдігі бізге дәл осы учаске мен квота бөлу мәселесін шешіп берсе, зауыттың толық қуатында жұмыс істеуіне мүмкіндік туар еді», – дейді Сергей Ни.

Облыс әкімі аталмыш мәселені жан-жақты зерттеп, тиісті министрлік өкілдерімен ақылдасып, зауыттың толық қуатында жұмыс істеуіне барынша атсалысатынын жеткізді. Жалпы, мұнда 100-ге жуық адам тұрақты жұмыс істейтін болса, коронавирус індетіне байланысты әзірге 40-50 адам жұмыс істеуде. Бір қуанарлығы, жұмысшылардың жартысынан көбі мойынқұмдықтар екен.
Leave A Reply

Your email address will not be published.