Жамбыл облысының полиция аға лейтенанты әлем чемпионатынан жүлделі оралды

0
72

Корея Республикасы Инчхон қаласында өткен Әлем чемпионатында  Жамбыл облысы Полиция Департаменті Оқу-жаттығу взводының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ерлан Махмудов жауынгерлік самбодан 68 келі салмақ дәрежесінде 3 орын тұғырынан көрінді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпионатқа жалпы 80 мемлекеттің балуандары қатысқан. Аталған сайыста Қазақстан құрама командасының қоржынына 4 күміс, 5 қола медаль түсті.

Ал, жалпыкомандалық есепте 80 мемлекеттің арасында ерлер құрама командасы 6-орын, қыздар құрама командасы 3-орынды иеленді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here