Құрметті футбол жанкүйерлері!

0 64

«Тараз» футбол клубы ел чемпионатының алғашқы турларында белсенділік танытып, қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлерге шынайы алғыс айтады. Сіздердің демеулеріңіздің арқасында маңызды матчтарда ұпай алып, турнир кестесінде үшінші сатыда тұр. Сіздердің жанкүйерлік көрсетіп, футболға деген махабаттарыңыз үшін сөзсіз қуаныштымыз! Өкінішке қарай, 28 сәуір күні «Ақтөбе» командасымен болатын кездесу көрерменсіз өтеді.

Өздеріңіз білетіндей, эпидемиологиялық ахуалға байланысты, Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, халық көп жиналатын спорттық іс-шараларға көрермен кіргізуге тыйым салынды.

Әрине, бұл маңызды матчта командаға қолдау білдіретін жанкүйерлердің стадионда болмайтыны өкінішті. Бірақ, азаматтардың денсаулығы мен эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы одан да маңызды.

Жуық арада жағдай қалпына келіп, көрермендер стадионға қайта оралады деп үміттенеміз. Бұл жағдайға түсіністік танытады деп ойлаймыз.

Хабарлай кетейік, біздің команданың қатысуымен өтетін матчтар pflk.kz, sportrecs.com сайттарында, Qazsport және Qsport extra телеарналарында тамашалауға болады.

Клуб жаңалықтары мен хабарламаларды команданың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан оқи жүріңіздер.

«Тараз» кәсіпқой футбол клубының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.