Атыраулық рекордсмен сайлау учаскесі алдында жүк көлігін сүйреп барды

0 52

Ел рекордын жаңартып, жалпы салмағы 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреген атыраулық Ерсейіт Бралин сайлау күні кезекті күш перформансын көрсетті. 

Сайлау учаскесінің маңында арнайы алаң дайындалып, рекордсмен жүк көлігін сүйреді. Ерсейіт Бралин сайлау күніне орай арматураны қолымен иіп, одан «23» санын жасады. Кейін Құрманғазы ауданындағы № 175 сайлау учаскесіне барып, таңдау жасады.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, сағат 10.00 –дегі жағдай Атырау облысында дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 18,75 пайызы бюллетень алды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.