Күш-жігеріміз сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталуы маңызды – Тоқаев

0 6

ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның өзара сауда айналымы 33 пайызға, экспорты 55 пайызға артты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды  “ZhambylNews” АА.

«Одақтың жұмысы басталған уақыттан бері Қазақстанның өзара сауда-саттық көрсеткіші 33 пайызға, ал экспорты 55 пайызға артты. Қазақстанда 15 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың саны артып келеді.

Бұл қуанарлық жайт. Аталған көрсеткіштер біздің интеграциялық ықпалдастығымыздың табыстылығын көрсетеді. Ортақ күш-жігеріміздің алдағы уақытта да азаматтарымыздың игілігі жолындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынын дамытуға бағытталғаны маңызды деп санаймын. Мұны жаһандық сын-қатерлер алдындағы біздің «ұжымдық иммунитетімізді» нығайтудың кепілі деп білемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен бірге Президент Қазақстанда 15 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін және олардың саны артып жатқанын жеткізді.

«Бұл қуанышты құбылыс, көрсеткіштер біздің интеграциялық өзара іс-қимылымыздың табысты екенін көрсетеді. Жалпы біздің азаматтарымыздың игілігі үшін күш-жігеріміз сауда-экономикалық ынтымақтастықты серпінді дамытуға бағытталуы маңызды деп санаймын. Бұл – жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы ұжымдық иммунитетіміздің нығаюының кепілі», – деді Қазақстан Президенті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.