Экономиканы дамыту, инфляцияны тежеу – Президент Үкімет мән беруі тиіс бірнеше бағытты атады

0 9

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің стратегиялық бағдарды жүзеге асыра отырып, мән беруі тиіс мәселелерді атап көрсетті, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  Ақордаға сілтеме жасап.

«Бірінші. Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан, экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру.

Екінші. Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті, агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек», — деді Президент Мәжілістің пленарлық отырысында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.