1 қаңтардан бастап жалақының ең төменгі мөлшерi өзгереді

0 15

Келер жылдан бастап елімізде жалақының ең төмен мөлшерi, сонымен қатар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері мен зейнетақының ең төмен мөлшерi өзгереді, деп хабарлайды Kazinform.

2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның мәтіні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

Аталған заңның 9-бабында жалақының жаңа жүйесі туралы айтылған. Яғни 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi өзгереді:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен
мөлшері – 28 215 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;

4) айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;

5) базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болады.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Ол туралы Ақорда хабарлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.