Жаңа Салық кодексін таныстыру барысында сән-салтанат салығын төлеу механизмі аталды.
«Жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғарылатылған мөлшерлемесі қойылады. Кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге қосымша акциз салынады. Сонымен қатар қымбат тұратын алкоголь және темекi өнiмдерiне, сол сияқты қымбат теңiз кемелерiне, ұшу аппараттарына қосымша акциз салу көзделген», — деді Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы қыркүйек айындағы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізу керек екенін айтқан еді.