Ырыс — ынтымаққа  барады, береке- бірліктен  бастау алады

0 1

Құрметті жерлестер, еліміздің ХХ ғасырдағы тарихына үңілетін болсақ: Патшалы Ресейдің реформасы кезінде қазақ даласына Ресейден, Украинадан және Беларуссиядан бір миллионнан астам шаруалар қоныстанды,1930-жылдары  конфискеленген   мыңдаған шаруалар жер аударылып келді. Өнеркәсіп құрылыстарына 1миллионнан астам адам келді. Сталин режимі кезінде Қазақстанға Солтүстік Кавказдан 507мың адам,сондай-ақ орталық өңірден 102 мың поляк, 800 мыңдай неміс, шығыстан 18 мың 500кәріс отбасылары жер аударылып келді. Саяси қуғын-сүргін кезінде  қазақ жеріндегі 11 арнаулы лагерлерде мыңдаған тұтқындар  болды. Тұтқыннан босағандардың көпшілігі Қазақстанда тұрақтап қалды. Қазақстанға Ұлы Отан соғысы кезінде 350 мың адам эвакуацияланды. 1950-1956 жылдары тың игеруге 1,5миллион адам келді. 1960-жылдардың бас кезінде халқымыз дүнгендерге де пана беріп,бауырына басқанын білеміз. Сөйтіп Қазақстанда қолдан  жасалған  көпэтносты халық қалыптасты. Әрине қазақ  жеріне өз еркінен тыс келген бұл адамдардың  ешқандай кінәсі жоқ. Иә, сонымен   жоғарыда аталған кезеңдерінде тарих тауқыметін арқалап, солақай саясаттың   құрбанына айналып, елімізге келіп, қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Кеңестік дәуірде  Қазақстан «халықтар достығының  лабораториясы» атанғанын да білеміз. Елімізде Тәуелсіздік жылдары барлық этностар біртұтас  ұйысқан  халыққа айналды. Қазір Қазақстанда 130дан аса этнос және 17діни конфессия өкілдері татулық пен келісімде өмір сүруде.

   Егемендік алған алғашқы жылдары Елбасымыз Н.Назарбаев барлық этно-мәдени орталықтарды біріктіріп, Қазақстан халқы  Ассамблеясын құру идеясын ұсынған болатын. Қазір елімізде мыңнан астам этно-мәдени бірлестіктер,5мыңға жуық қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестері жұмыс істейді. Елбасының 1995 жылғы 1-наурыздағы Жарлығымен Қазақстан халқы  Ассамблеясы құрылды. Биыл Қазақстан халқы  Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Біздің облысымызда Қазақстан халқы  Ассамблеясы 1995 жылы сәуір айында құрылды. Қазір  Жамбыл облысында 73 этно-мәдени бірлестіктер бар, оның 26-сы Тараз қаласында, 47-сі облыс аудандарында. Қазақстан халқы  Ассамблеясының жаңа міндеттеріне байланысты елімізде қоғамдық  келісім кеңестері құрылды. Бұл кеңестер жергілікті әкімдіктер жанында  консультативтік – кеңес беру міндеттерін атқаруда.  Еліміздің барлық аумақтарында құрылған қоғамдық келісім кеңестері қоғамның өзін – өзі басқаруын қамтамасыз ете отырып, азаматтық белсенділікке  ынталандыруда.

Қазір біздің ауданымызда 18 қоғамдық келісім Кеңестері жұмыс істейді, аудандық кеңес және 15ауылдық округтерде,аудандық электр желілерін тарату мекемесі мен Луговой рельс дәнекерлеу зауытында құрылған. Ауданымыздағы қоғамдық келісім кеңестері әр ауылдағы ұлтаралық келісім мен ел бірлігін нығайтып, азаматтардың бойында патриоттық сезімді және Қазақстанның болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру үшін жұмыстар жүргізуде.

Қоғамдық келісім кеңестері еліміздің тұрақтылығы мен бірлігінің сенімді факторы  болып  орнығуда.

Біздің ауданымыздағы қазақ, орыс, өзбек, қарашай, шешен, ұйғыр, татар, неміс ұлттық этно-мәдени орталықтары, аналар кеңесі, жастардың қоғамдық ұйымдары да әрқашан да елдік істердің басында болып, бірлік пен қоғамдық келісім-берекенің бастауы, ел дамуының өзегі екендігін тұрғындарға түсіндіру жұмыстарына белсене ат салысып келеді.  Қазақстан Республикасының 20.10.2008 жылғы  Қазақстан халқы  Ассамблеясы туралы Заңы  еліміздегі мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этнос аралық  қатынастар саласындағы өзара іс – қимылының тиімділігін арттыруға бағыталған жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін  айқындайды.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы ролін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, қазақстан халқының  азаматтық және рухани – мәдени ортақтығы  негізінде қазақстандық азаматтық бірдейлікті және бәсекеге  қабілетті  ұлтты қалыптастару прцесінле  Қазақстан Республикасында этносаралық  келісімді қамтамасыз  ету болып табылады.

«Ырыс алды – ынтымақ»:Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім еліміздің өркендеуінің шешуші шарты болып табылады.Бірлік пен келісімнің  негізі – ынтымақшылдық. Бұл өзара сенім мен жауапкершілік.Ынтымақ отбасынан басталады.Ол отбасы мүшелерінің,достардың, айналадағы адамдардың бір –біріне көмектесуінен, рухы күштілердің әлсіз жандарға, бақуатты       кісілердің тұрмысы төмендерге,денсаулығы жақсы адамдардың науқастарға, үлкендердің өзінен кішілерге жанашыр болуынан танылады.

Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Этносаралық келісім еліміздің маңызды жетістігі оны әрқашан қадірлеуіміз қажет.Әр азамат өзінің әлеуметтік тегіне қарамастан біздің қоғам үшін құнды.Біз біріге отырып,еліміздің болашағын жасаймыз және тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі мен жағдайының жақсаруына өз үлесімізді қосамыз.

Барлық этнос топтарының мәдениет аясында  өзара бірігуіне, барлық ұлыстар қоғамның мәдени жетістіктерін жинақтап, олардың ұлттық әдеп – ғұрыптарына, фольклорына және этно-мәдени орталықтарына қолдауды күшейте беруіміз қажет.

Соңғы жылдары елімізде  Алғыс айту күні атап өтілуде. Бұл бүгінгі күні Қазақстанда үйлесім мен өзара түсіністік орнатқан,бірлік пен ынтымаққа негізделген мемлекеттік саясаттың  салтанатты көрінісі.Алғыс айту арқылы  адамдар арасындағы  түсіністіктің,сыйластықтың жаңа қыры ашылды.Өткен ғасырда солақай саясаттың құрбаны болып,депортацияға ұшыраған түрлі этнос өкілдері бір үзім нанды бөлісіп жеп,үйлеріне паналата білген дарқан көңіл,қонақжай қазақ халқына ризашылық білдіріп, риясыз көңілдерін білдіруде. Алғыс айту күні –жалпыұлттық бірігудің маңызды ресурсына айналуда.  Десек те, биылғы  жылы ақпан айында  Қордай ауданының Масаншы, Сортөбе, Ауқатты т.б. ауылдарындағы  болған оқиғалар жұртшылықты  дүр сілкіндірді. Жеке адамдар  арасында  болған кикілжің халықтар достығына , қоғамдық келісім мәселесіне  сына қаққандай болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл жанжал мемлекетімізге, елімізге нұқсан келтірді. Абыройымызға зиян тиді, қақтығыс болған  жерде  ешқашан ешқандай даму болмайды » деп, облыстың,ауданның басшылары,  құқық  қорғау органдары басшыларының  бұл заңдылықты дұрыс түсінбегендігін сынға алған еді. Қ.К.Тоқаев Қордай ауданына жасаған сапарында дүнген диаспорасы өкілдерімен кездесіп,оларды  жастардың  тәрбиесіне баса мән беріп, қазақ тілі мен Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға  шақырды. Президент: «Сіздердің  балаларыңыз қазақ  тілін үйренуі керек. Сондай-ақ  орыс  тілі мен өз ана тілін де білуі қажет. Мемлекет Сіздердің  мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді  сақтап, жан-жақты  қолдау көрсетеді. Дегенмен, Сіздер ауылда тұратын  азаматтар, мемлекеттік  тілді білгендеріңіз аса маңызды» деді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ халқының мемлекет құраушы  ұлт  рөлін бекемдеп, этносаралық  татулық пен дінаралық  түсіністікті  қалыптастыра беруіміз қажет. Қазақ тілінің  мемлекеттік  тіл  ретіндегі  рөлі күшейіп, ұлтаралық  қатынас  тіліне айналатын  кезеңі келеді деп есептеймін» деп еліміздің  алдындағы басты міндеттерді нақты  атап  айтты. Осы бағытта  нақты жұмыстар жүргізу әрбір қазақстандық азаматтың парызы болғаны  абзал деп есептейміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ тілі  қазақстандық қоғамның  ауызбірлігінің  факторына, ортақ үйде  тұратындардың достық, өмірлік ынтымақтастығының белгісі ретінде табиғи қажеттілігіне айналуы керек деген қағиданы ұстанады. Мемлекет  қазақстандықтардың барлық этностық топтарының тілдерін дамытуға  қамқорлық көрсетіп келеді.  Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ел бірлігі ешқашан құны түспейтін, жыл өткен сайын маңызы артып мәні толыға  түсетін шексіз байлық. Сол байлықты еселеп дамыта түсейік. Бірлігімізге бекем болып, татулықты ту етейік, тәуелсіздікті тұғыр ете білейік. Сонда ғана мерейіміз үстем болады. Осы жолдан танбайық» деп мемлекеттің ұдайы өсіп-өркендеуіне, халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім еліміздің өркендеуінің шешуші шарты болып табылатынын атап көрсеткен еді.

Сондықтан елімізде қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімділікті сақтап, ұлттық патриотизм мен прагматизмді насихаттай отырып, ұлттық сананы жаңғыртуға  баршамыз  атсалысайық. Қазақстан шаңырағы  астында  бейбітшілік пен достық  мәңгі жасай берсін.

 Т.Рысқұлов аудандық

 Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы                            С.Өтегенов

Leave A Reply

Your email address will not be published.