Талас ауданы Қаратау қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде Талас аудандық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Елдос Кенжебаев пен Талас аудандық орталық ауруханасының госпиталды эпидемиологы Сара Аңқауованың қатысуымен жасөспірімдерді «Pfizer» препаратымен иммундау мақсатында 12-17 жастағы мектеп оқушыларының ата-аналарымен вакциналау бойынша ауқымды ақпараттық — түсіндіру жұмыстары жүргізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мамандар тарапынан «Pfizer» вакцинасы туралы ата-аналарды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
Айта кетейік, Талас ауданына бүгінгі күнге «Pfizer» вакцинасының 390 дозасы жеткізілді. Оның ішінде 150 дозасы 12-17 жастағы балалар, 16-дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдер мен емізетін аналарға егілді.