ЖАМБЫЛДА 237 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҮНЕМДЕЛДІ

0 4

Кешенді сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесінде, Жамбыл облысындағы көліктік бақылау инспекциясына 21 ұсыныс енгізілді. Өйткені, бұл органның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі тиісті денгейде іске асырмаған. Сондай-ақ, 12 қызметкеріне қатысты тәртіптік теріс қылықтары бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Қазіргі таңда осы тектес сыртқы талдау жұмыстары «Тараз -ӘКК» АҚ мен облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіне жүргізілуде. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аймақтағы департаментінің превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров айтты — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Оның мәліметінше, есептік кезенде 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген. Жемқорлық тәуекелдері әлеуметтік маңызы зор балалар спорты мен шығармашылығын жан басына нормативтік қаржыландыру саласында, жол салу бағыты, миграция қызметі, мемлекеттік сатып алуда орын алған.

«Балалар спорты мен шығармашылығын жан басына нормативтік қаржыландыру саласына келетін болсақ, жүргізілген мониторингпен аталған саладағы нормативтік-құқықтық актілерінің реттелмегенінің көрсетті. Биыл өңірде мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру үшін 500 млн. теңге қаражат бөлінген. Алайда, бақылау мен шектеулердің жоқтығынан өтінімдер саны ұлғайып, тиісінше 3,3 млрд. теңге қаражаттың бөлінуі керек екені анықталды. Осы орайда, біз күнделікті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізетінімізді айта кетейін. Мониторингпен жолданған ұсыныстар негізінде мемлекеттік органдарының сатып алу жоспары қайта қаралып, 237 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді», — деді спикер.

Дәурен Даниярбекұлы әкімшілік құқық бұзулар бойынша 12 хаттама толтырылып, 4,1 млн. теңгеден аса айыппұл салынғанын да жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.